Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-8
USD
437
+0.53
EUR
493
-0.58
RUB
5.92
+0.03

Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 14-орынға сырғыды

Екінші орында 13 алтын, 10 күміс, 14 қола медаль еншілеген Қытай құрамасы келеді. Ал үздік үштікте 7 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған Ұлыбритания елінің спортшылары көтерілді.

Ал Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен бүгін жалпыкомандалық есепте 14-орынға сырғыды.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа жүзуден екі алтынды жеңіп алды.

Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз