Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Рио-2016: 12 тамызда қазақстандық спортшылар өнер көрсететін спорт кестесі

221

Сағат 03:15-те 64 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Абылайхан Жүсіпов ағылшын боксшысы Пэт Маккормакпен қолғап түйістіреді. Абылайхан – Қазақстан құрамасындағы ең жас боксшы. Оның қарсыласы Маккормак 21 жаста және 2015 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған спортшы.

Сағат 04:15-те 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан сапындағы алтыннан басты үміткер боксшы Данияр Елеусінов пен британдық Джошуа Келли арасында өтеді.

Данияр әлемдік рейтингтегі көшбасшылығына байланысты 1/8 финалға бірден өткен болса, Джошуа Келли 1/16 финалда мысырлық боксшы Валид Мохамедке қарсы кездесу өткізді. Есте болса, сол кездесуді қазақстандық рефери Наталья Цой төрелік етті. Әлемдік БАҚ аталмыш жекпе-жекті Олимпиаданың ең көрікті кездесуі деп атады. Боксшылар әрбір соққыларын дауыстап ұрып, төрешінің көңілін өздеріне аударуға тырысқан болатын.

Сағат 04:45-те барша Қазақстан жұрты күтіп жүрген жекпе-жек – беларус спортшысы Михаил Долголевецке қарсы еліміздің үміті Әділбек Ниязымбетов шығады.

12 тамызда сағат 17:30-да қазақстандық ескекші Владислав Яковлев «Лагоа» стадионында академиялық есуде финалдық бәсекеге түседі. Ол – халықаралық санаттағы спорт шебері, жасөспірімдер арасында 2010, 2011 және 2012 жылдардағы Азия чемпионы.

Сондай-ақ 18:00 сағатта академиялық есуден өтетін финалдық бәсекеде қазақстандық спортшы Светлана Германович өз бағын сынамақ.

18:00-де нысана көздеуден біздің елдің намысын Юрий Юрков қорғайды. Былтыр ол Қазақстан рекордын жаңартқан еді. Бұл жолы Олимпиада ойындарында рекорд орнатады деп сенеміз.

Сағат 18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. А тобында біздің отандасымыз Евгений Лабутов диск лақтырудан күш сынайды.

Сағат 22.30-да 75 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алжирлік өрен Ильяс Аббадимен жұдырық түйістіреді. 1/16 финалда ол британдық Энтони Фаулерді жеңген болатын.

Шамамен 23:30-да Понтал муниципалитетінде спорттық жүрістен жарыс өтеді. Ерлер арасындағы 20 шақырымдық додаға біздің елдің атынан Георгий Шейко шығады. Шейко 1989 жылы туған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 20 шақырымдық сайыста ол тек 35-орынға ие болған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз