Қазақстандық күш құрылымдары Ақтөбедегі жағдайды бақылауға алды, РФ шекарасында қауіпсіздікті күшейтуге себеп жоқ, – деп мәлімдеді дүйенбі күні РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
– Қазақстандық күш құрлымдары жағдайды оңтайлы бақылап отыр, мұнда қандай да бір күш жұмылдыруға себеп жоқ екенін қайталап айтамын. Ал осындай өте шетін саладағы өзара әрекетке келер болсақ, мұндай шара тараптардың бірінің өтініші бойынша жүзеге асырылады, бұл жағдайда қазақстандық әріптестерімізден бұл оқиғаға қатысты қажеттілік болды ма, жоқ па – мұны мен білмеймін, – деді Песков.