Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Абайлап сөйлесін!” Мәулен Әшімбаев ресейлік әріптестеріне ескерту жасады

Мәулен Әшімбаев

Ресей Федерациясы Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ бойынша басты серіктестердің бірі саналады. Сондай-ақ бұл ел Қазақстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалары бойынша да маңызды серіктесінің бірі. Екі елдің президенттері барлық форумдар мен алаңдарда өзара қолдау мен түсіністік танытып келеді.

«Бұл үкіметтер мен парламенттер деңгейіндегі өзара іс-қимылдарға да байланысты. Осы орайда, РФ -мен қатынастардың жоғары деңгейіне Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының төрағалығына сайланған Вячеслав Володиннің алғашқы ресми сапары дәлел болып отыр.

Сондықтан да Қазақстанға аумақтық наразылығы бойынша Мемлекеттік думаның депутаты Шперов айтқан сөздер қисынға келмейді деп ойлаймын.

Осы тектес пікірлер Қазақстан мен Ресейдің достық әрі тату көршілік қатынастар рухына сәйкес емес.

Себебі, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік ұстанымдарына негізделген», – дейді Әшімбаев.

Осы ретте депутат Қазақстанның Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы берік әрі тұрақты екенін атап өтті. Біздің шекаралар халықаралық келісімдерде айқындалып, бекітілген. Сондықтан біздің мемлекеттің аумақтық тұтастығына күмән келтіруге ешкімнің де құқығы жоқ.

«Мемлекеттік думаның депутаттары мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қатысты мәселелерде сөздеріне абай болуы керек деп пайымдаймын.

Сондай-ақ олар стратегиялық серіктестік, біздің елдер мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достық ұстанымдарына ерекше мән беруі қажет», – деп түйіндеді сөзін Мәжіліс комитетінің төрағасы.

Еске сала кетейік, биыл қаңтардың аяғына қарай отандастар тақырыбына арналған парламенеттік «дөңгелек үстел» барасында дума депутаты П. Шперов Қазақстандағы орыс жерлерін қайтару туралы әңгіме қозғаған болатын.

Алайда Ресей билігі бұл мәлімдемені мемлекеттің ресми ұстанымы емес екендігін айтып ақталған еді.

Осы орайда, Мемлекеттік думаның депутаттары негізсіз әрі дәлелсіз эмоциялық пікірлер қарым-қатынастарға кері әсерін тигізетінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз