Эквадор президенті Рафаэль Корреа сайлаудың алғашқы алдын ала ресми нәтижесінен соң оңшыл күштің жеңіліс тапқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Ұлттық сайлау кеңесінің алдын ала деректері бойынша, 91,88 пайыз дауыстың 51,04 пайызы билік басындағы блоктың кандидаты Ленин Мореноға тиесілі, ал оның қарсыласы оңшыл күш атынан шыққан Гильермо Лассо 48,96 пайыз дауыс жинаған.
“Ұлы отанымыз үшін үлкен жаңалық: Эквадорда революция жеңіске жетті, оңшыл күш миллиондары мен БАҚ-қа қарамастан, екі пайызға жеңілді. Ленин – президент”, – деп жазды Корреа өзінің Twitter микроблогына.
«Бұл жазасыз қалмайды», – деп уәде берді биыл мамыр айында биліктен кететін мемлекет басшысы.