Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Республикалық олимпиадаға оқушылар дайындайтын мұғалімдерге қосымша ақы төленеді

Біріншіден, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтарға грант тағайындау.

Екіншіден, мұғалімдер арасында олимпиада өткізу. Марапаттау нәтижесінде 30 жеңімпаз бір айға шетелге тәжірибе алмасуға жіберіледі», – деді облыстық білім басқармасының бастығы Асқат Аймағамбетов.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл бастаманы қолдады. Бірақ,

конференцияда сыйақы мөлшері нақтыланбады.

Сондай-ақ шарада аймақ басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне жас ұстаздарды қолдау бағдарламасын жасауды тапсырды. Әрбір маман әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, облыста педагог мамандардың электронды биржасы құрылатын болады. Өңірде математика, физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.

«Электронды биржа бос жұмыс орындарын уақытылы толтыруға және қажеттілікті болжап отыруға мүмкіндік береді. Бірыңғай бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеуші педагогтар базасы қалыптасатын болады. Бұл мектеп директорларына неғұрлым маманданған педагог кадрларын таңдауға мүмкіндік береді. Және ең бастысы – электронды базаның құрылуы жұмысқа қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді»,- деді Асқат Аймағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз