Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Respublica үгіт-насихат науқаны барысында 1 000 000 астам адамды қамтыды

375

Үгіт-насихат жұмыстарының, сондай-ақ оның аясында Қазақстан бойынша өтіп жатқан сайлауалды турдың екі аптаға жуық уақыттың қорытындысы бойынша Respublica партиясы жалпы саны 1 000 000 астам адамды қамтыды.

Respublica-шылар үгіт-насихат сапары аясында тек сайлауалды бағдарламасын ұсынуды мақсат етіп қойған жоқ.  Олардың басты міндеті – әр облыс пен қаланың мәселелерін жан-жақты талдау.  Ал сайлау жарысы біткенше қазақстандықтарға елдің болашағына әсер ететін шешімдер мен бастамалардың барынша көп мүмкіндігін ұсыну.

Еліміздің өңірлеріне жасаған сапарымызда партиялықтар 30 000 шақырымнан астам жол жүріп өтті.  Бүгінге дейін партия мүшелері бірнеше қаланы аралап үлгерді.  Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Орал қалаларын, сондай-ақ бірқатар ауылдық елді мекендерде болды. Қазіргі уақытта Respublica Атырау қаласында.

Елдің түкпір-түкпіріндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда. 

Соңғы екі күнде еліміздің екі облысында қатар өткен сайлауалды турда депутаттыққа үміткерлер мен партия өкілдері де республика көлемінде ондаған, жүздеген басқа да шаралар мен кездесулер өткізуде. 

Партия мүшелері әртүрлі санаттағы азаматтармен, соның ішінде кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, спортшылармен, ақсақалдармен және жастармен жүздеседі.  

Еске салайық, партия мүшелерінің орташа жасы – 37. Жалпы іс-шараларға қатысушылардың 70 пайызын құрайтын жастар.  Бұл ретте партия барлығымен кездесуге ашық.

Сонымен қатар, 1 наурызда Qazaqstan телеарнасында бірінші сайлау алдындағы пікірсайыс өтіп, оған партияның тең төрағасы Сырымбек Тау қатысты.  Дебат нәтижесінде Reslublica партиясы көрермендердің 14,8 пайыз дауысын алып, рейтингте екінші орынға тұрақтады. 

Қазірдің өзінде 130 мыңнан астам адам партия қатарына қосылуға өтініш білдірген. 

Еске салайық, осыған дейін Respublica партиясының республикалық және 20 облыстық штабы ашылды.  Сайлауалды бағдарламамен танысқысы келетін немесе өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алғысы келетін қазақстандықтардың барлығына кез келген уақытта аймақтардағы штабтарға баруға мүмкіндігі бар. 

Тапсырыс беруші: Құспеков Олжас Хайроллаұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы «Respublica партиясы» ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз