Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
19
USD
425
-0.23
EUR
500
-0.99
RUB
5.75
+0.02

Ресми: картоптың орташа бағасы 300 теңгеден аспайды

269
фото: alamyimages.fr/RossHellen

Ресми деректер бойынша, 2021 жылғы 1-22 маусым аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің құны 2,8%-ға өсті. Негізгі қымбаттау шыңы соңғы аптада орын алды. 15-22 маусым аралығында бағаның өсуі 1,7%-ды құрады.

Соңғы рет осындай көрсеткіш (7 күнде +1,7%) 2020 жылғы 17-24 наурыз аралығында тіркелді. Ол кезде осындай көрсеткішке картоп пен қант бағасының күрт өсуі әкелді.

Картоптың ресми бағасы – 300 теңгеден төмен

Ұқсас нәрсе қазір де болып жатыр. Соңғы аптада қазақстандықтар көкөніс бағасының өсуінің барлық психологиялық кезеңдерін бастан өткерген сияқты: ашуланудан бастап қабылдап көнуге дейін. Бұл әлеуметтік желілерді толтырған көптеген түрлі символдар түрінде көрініс тапты.

Ресми статистика бағаның өсуі бар екенін растайды. Бірақ, оның айтуынша, соншалықты көп емес. Жалпы республика бойынша картоп маусым айының үшінші аптасында “бар болғаны” 37,2%-ға қымбаттапты. Сонымен қатар, өсу қарқыны тіпті аздап төмендеген де. 8-15 маусым аралығында ол 13,8%-ға өсті. Келесі 7 күнде –12,4%.

Бұл жағдайда көп нәрсе аймаққа да байланысты. Ресми деректер бойынша соңғы 7 күнде республиканың 7 ірі қаласында бағалар 20%-дан астамға өсті – бұл Көкшетау, Ақтау, Тараз, Орал, Алматы, Талдықорған және Атырау қалаларында. Ал Шымкентте картоп бағасы 0,5%-ға төмендеді. Одан да төмен баға – Жезқазғанда, оның құны 7,3%-ға төмендеді.

Алайда, ресми деректер көптеген сұрақтар туғызады. Оларға сәйкес,

5 ірі қалада картоптың орташа бағасы 200 теңгеден аспайды,

ал Қарағандыда ол тіпті 134 теңгені құрайды. Ең жоғары баға – Өскемен мен Семейде – 289 теңге.

Бір апта ішінде сәбіз бір жарым есе қымбаттады

Ресми мәліметтер бойынша, сәбіз картопқа қарағанда әлдеқайда тез қымбаттауда. Маусым айының 3 аптасында оның құны 74,2%-ға өсті. Оның үстіне тек 15-22 маусым аралығында – бірден 45,6%-ға өскен. Жыл басынан бері бұл әлеуметтік маңызы бар өнімнің килограмы 2,5 еседен астам қымбаттаған.

Картопқа қарағанда сәбіз бағасының өсуі барлық аймақтарда байқалады. Соңғы аптадағы ең жоғары өсім Атырауда (2,1 есе) және Көкшетауда (2 есе) орын алды. Ең аз өсу – Өскеменде (+12,8%) және Семейде (+12%).

Көптеген ірі қалаларда сәбіздің орташа құны картопқа қарағанда жоғары. Ресми түрде, ең жоғары баға Жезқазғанда. Мұнда бір килограмм үшін орта есеппен 426 теңге төлеу керек. Ең төменгі баға – Қостанайда – 195 теңге.

Тағы не қымбаттады?

Сәбіз мен картоп бағасының өскеніне қарағанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнының өсуі елеусіз болып көрінеді. Бірақ қымбаттауда:

маусым айының басынан бастап күнбағыс майы 2,9%-ға,
Пияз – 2,8%
Қарақұмық – 2,4%
Қант – 1,1%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар, кейбір өнімдерге бағаның төмендеуі елеусіз қалуда. Ал ресми деректер бойынша 3 апта ішінде жалпы республика бойынша жұмыртқаның бағасы 10%-ға төмендеген. Осы уақыт ішінде күріштің құны 1,4%-ға арзандаған. Сондай-ақ, сүт, айран және тұз бағасында аздап төмендеу байқалады (0,3%-дан).

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз