Ресейліктердің 2015 жылғы орташа жалақысы АҚШ долларына шаққанда Қазақстандағы еңбекақы деңгейіне тең келеді. Бұл туралы Ресейдің ұлттық зерттеу институтының „Жоғары экономика мектебі„ жариялаған зерттеуде айтылады.
«Жоғары экономика мектебінің мәліметінше, ресейліктердің 2015 жылғы орташа жалақысы АҚШ долларына шаққанда Қазақстандағы еңбекақы деңгейімен бірдей болды. 2014 жылы ресейліктердің жалақысының үштен бір бөлігі қысқарған, – делінген хабарламада.
Мұны жоғары экономика мектебінің сарапшылары мамыр айындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын мониторингтік тексеру кезінде есептеп көрді.
Ақша айырбастау арқылы есептелген Ресейдегі жалақы мөлшері былтырғы жылы 558 долларды құраған. Ол 2014 жылмен салыстырғанда үштен бірге, яғни, 34 пайызға төмен. Ал, Қазақстан мен Белоруссияда орташа жалақы мөлшері 549 және 415 долларды құрайды.