Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресейлік танымал тележүргізуші Рамазан айында ораза ұстайтынын мәлімдеді (видео)

Ал көбінесе дәл осы мұсылмандар терракттың құрбанына айналып жатыр. Өздерін “өркениетті” санап жүрген елдер лақтырған бомбаның астында мұсылмандар қалып жатыр. Ғаламторда Жаратқанға, пайғамбарларға тіл тигізетін неше түрлі топтар ашылуда. Олардың барлығының мақсаты бір – арандату.

Білесіздер, мен православ дінін ұстанатын орыс жігітімін. Бірақ бұл менің де ауыртпашылығым деп санаймын. Ынтамақтастықтың белгісі ретінде мен қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға бекініп отырмын. Не күшті? Олардың бомбасы ма әлде біздің сенім бе?” – деді ол.

Бұл орайда әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұсылмандар оған алғыс білдірді. Отандық танымалдардан Қыдырәлі Болманов Алексей Казакка деген ризашылығын жеткізді.

 

https://kaz.365info.kz/parlament-deputaty-hristian-bolganyna-kharamastan-oraza-ystajdy-video-315255

 

“Алексей бауырымның сөздері, ниеті қандай керемет! Алланың нұры жауып, жүрегін иман нұрымен нұрландырсын! Өзі басқа дінде бола тұрып, мұсылмндарға көрсеткен құрметі үшін Алла разы болсын! Мұсылман болып туылып, ораза ұстамайтын бауырлар, әлі де кеш емес.

Мейірімді Алла мейірімді, кешірімді! Бүгінгі алғашқы тарауықта тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Қасиетті оразада көл-көсір сауап, әр отбасына үйіп-төгіп бақыт, береке берсін”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз