Ресейлік қатаң режимдегі колонияның тұтқындары қашу үшін қазған жерасты тоннелінің видеосы жарияланды.
Кадрлардан колония қоршауының сыртына шығатын жер астындағы тоннелін көруге болады.
Оқиға Дағыстанның арнайы мекемесінде болған. Қазіргі уақытта алты қашқын іздестірілуде, олардың екеуі кісі өлтіргені үшін 14 және 15 жылға жазасын өтеп жатқан, қалғандары есірткі сатқаны үшін сотталған.