Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Ресейлік БАҚ Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын қалай бағалады

459
gig26.ru

Яндекс-жаңалықтар мәліметі бойынша, съезд туралы жүздеген ресейлік басылым жазған. Олардың ішінде ақпараттық нарықтың дәстүрлі көшбасшылары — РИА Новости, ТАСС, РБК, “Известия”, “Лента.Ру”. Жалпы ресейлік БАҚ Тоқаевтың президенттікке ұсынылуын оң бағалады.

Елдің ең тәжірибелі саясаткерлерінің бірі

“Российская газета” Токаевтың Назарбаев бастап берген сара жолды жалғастырушы екеніне назар аударды және ел арасында жүргізілген сауалнама қорытындысын жариялады. Нәтижесінде,

респонденттердің 40%-ы республиканың қазіргі президентін мемлекет басшысы лауазымына ең үздік кандидаттардың бірі деп есептейтінін айтқан

“Тұңғыш Президентіміздің жеңісті, жемісті жолын жалғастыруды мен аса мәртебелі міндет әрі қасиетті парыз деп санаймын! Елбасымыз айқындаған стратегиялық бағыт әрқашан біздің айнымас бағдарымыз, адастырмас темірқазығымыз болады!”, – деген Тоқаевтың сөзінен үзінді келтіреді басылым.

“Известия” Тоқаевтың кандидатурасына съезге қатысқан партияның барлық 263 мүшесі бірауыздан дауыс бергенін атап өтті. Сонымен қатар, “РБК” басылымының хабарлауынша, “партия ел парламентіндегі орындардың басым көпшілігін алады. 2016 жылғы парламенттік сайлауда ол 82,15% дауыс жинады”.

“РБК” сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сенат төрағасы ретінде Тоқаевтың еңбегі жайлы айтқанын атап өтті.

“Парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қосты. Осы жылдар ішінде ол маған сенімді серік болып, елімізді одан ары өркендетуге қатысты ұстанымымды қолдап келеді»

“Лента.Ру” Қасым-Жомарт Тоқаев — елдің ең тәжірибелі саясаткерлерінің бірі екенін, әр жылдары ол сыртқы істер министрлігін, министрлер кабинеті мен парламенттің жоғарғы палатасын — сенатты басқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ, басылым Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылымдарында жұмыс тәжірибесі бар посткеңестік кеңістіктегі аздаған саясаткерлердің бірі екенін айтты. 2011 жылы ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры және сонымен қатар қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болғанын жазды.

“Парламенттік газет” Назарбаевтың “Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық қазақстандықтардың тең құқықтары мен өзара достық саясатын сақтайтын адам екенін сенімді түрде айта аламын” деген дәйексөзін жариялады.

“Комсомольская правда” тұңғыш президенттің мұрагер таңдау процесі туралы әңгімесін келтірді:

“Мен саналы шешім қабылдадым дегенім, шынымен де солай. Мұндай шешімдер бір күнде, бір айда қабылданбайды”.

Таңдалған кандидатураға қатысты сыни мақалалар болмағанын атап өту керек

Тоқаевтың зор беделі

Саяси бағдарына қарамастан, басылымдар Тоқаевтың үлкен кәсіби тәжірибесі мен жеке еңбегін атап өтті.

Мысалы, “Эхо Москвы” жазады:

“Саясаттанушылар Тоқаев — мемлекет басшысы лауазымына бірнеше себептер бойынша ең үздік үміткер деп есептейді. —

Ол тек республикада ғана емес, шетелде де беделді саясаттанушы:

СІМ-нің, Үкіметтің және парламенттің жоғарғы палатасының көпжылдық басшысы өз мансабында ОНН Бас хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеп үлгерген.

Осылайша, ол халықаралық ұйымдарда жоғары деңгейдегі жұмысымен көзге түскен ТМД шенеуніктерінің ішіндегі бірегейі.

“Эхо Москвы” ел президенті лауазымындағы бір ай ішіндегі Тоқаевтың жұмысын бағалады.

“Бір ай екінші президент қызметінде қарапайым қазақстандықтардың мәселелерін белсенді түрде шеше бастады. Мысалы, ол Алматы маңындағы Көк-Жайлау тау шаңғы курорты құрылысының даулы жобасын тоқтатты, сондай-ақ ІІМ коллегия отырысы барысында полицейлерді қатты сынға алды”, — деп жазады басылым.

Біз — жақын одақтаспыз

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның жаңа президентіне Владимир Путин де өз көзқарасын білдірді. “Вести.Ру” жазғандай, Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапары кезіндегі кездесу барысында Путин атап өтті:

“Сізді мемлекет басшысы лауазымына кірісуіңізбен құттықтағым келеді. Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар осындай деңгейге көтерілу үшін көп жұмыс атқардыңыз. Әрине, бұл ең алдымен Қазақстанның тұңғыш президентінің еңбегі, бірақ барлық команда осы мақсатқа жұмыс істеді, біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, біз тек серіктес қана емес, біз жақын одақтас елдерміз”.

“Нұр Отан” партиясының съезінде қабылданған шешім бірқатар БАҚ-тың жазбаларына қарағанда, күтпеген жағдай болған жоқ. Съезге дейін “Известия” газеті:

“Әзірше, саясаттанушылар Тоқаевтың өзін бас кандидат деп санайды”, деп жазған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімді сәуірдің басында еліміздің қазіргі президенті, Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламенттің екі палатасының спикерлерімен және елдің премьер-министрімен жаңа сайлау жөнінде ақылдасқанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз