Тексеріс кезінде 10 көлік жүргізушісінің тиісті фитосанитарлық құжаттары болмаған. Нәтижесінде оларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, жүк шекарадан кері қайтарылды.
Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден заңсыз тасымалданған 200 тонна бидайы бар жүк көліктерінің жолы кесілді. Ең сорақысы, заңсыз бидай тасымалымен ұсталғандардың бәрі өзіміздің азаматтарымыз болып шықты деп хабарлайды облыстық фитосанитарлық инспекция басқармасының баспасөз қызметі.
Владимир Отрадных, облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі:
– Егер бидайдың барлық құжаты дұрыс болса, көлік жүргізушісіне кедергі келтірмейміз. Ал заңсыз тиелген астық екенін анықтасақ, жүк туралы салық комитетіне хабарлаймыз. Бұл – Ресейдің арзан бидайын елімізге қымбатқа сатып отырғандарға бағытталған шара.