Ресейдің Ростов облысында «Кингкоул» компаниясынан жалақысын сұрап, аштық жариялаған кеншілер саны 175-ке жетті.
“Алдында аштыққа 70 шахтер қатысқан. Прокуратураға өтініш жазып, артынан оған 100 кенші келіп, қосылды. Бұл ешқандай төлем алмаған адамдар. Ал шамамен 500 адамға 4,7 миллион рубль бөлінгендер, ақшаны аз деп отыр” деп хабарлады ТАСС агенттігіне бастамашыл топтың өкілі Николай Надкерничный.
25 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін „Кингкоул“ компаниясының 631 кеншісі 2015 жылдың сәуір-мамыр айлары бойынша қарызын өтеген.
Еске сала кетелік, ресейлік шахтерлер өткен аптаның басында аштық жариялаған. Олар Росто облысы губернаторының жалақыны бөліп төлеу туралы ұсынысына келіспеген.
Қазір сотта «Кингкоул» компаниясының директоры Владимира Пожидаевқа қатысты жұмысшылардың жалақысын төлемеу, қызметін асыра сілтей пайдалану бойынша, сондай-ақ осы холдингке кірігетін тағы бір компания директоры Сергей Воеводин салық қылмысына байланысты қозғалған іс қаралып жатыр.