Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ресейдегі әуе апатында Қазақстанның екі азаматы мерт болды

«Қазақстандықтар «Спецстрой» компаниясында вахталық қызметте жүрген. Осы уақытта Қазақстанның Омскідегі Консулдығы Түмен облысының Құрметті консулдығымен бірлесіп, тиісті жұмыстарды атқаруда. Нақтырақ айтқанда, олар қазір мерт болған азаматтардың денелерін елдеріне қайтару жұмыстарымен айналысуда», деп хабарлады ол.

Айта кетейік, Ресейдің Краснояр аймағынан Ямал-Ненецк автономды округіне қарай ұшып бара жатқан «Скол» әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы Ямал маңындағы Уренгой ауылында апатқа ұшырады.

Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. Олардың тек 3-уі ғана аман қалды. Мерт болғандардың арасында Қазақстанның Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының тумасы Виталий Провальный да бар еді.

Виталийдің бірге оқыған кластастары ұшқыштың Қазақстанға келмек болып жүргенін айтты.

Риа Новости агенттігінің хабарлауынша, Ямал-Ненецк аймағының билігі мерт болған азаматтарды туыстарына жеткізу мәселесімен айналысуда.

Ал, апаттан аман қалған 3 адамның әзірге өмірлеріне қауіп жоқ екендігі хабарланды.

Апаттың салдарынан мерт болған азаматтардың отбасына апат орын алған өңірдің билігі 1 миллион рубльден төлейді. Ал, зардап шеккендерге қатысты көрсетілетін көмектің көлемі әзірге нақтылануда.

20161022183111

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз