Ресейдің Калининград қаласында стадион соғып жатқан тәжік мигранттары бес айдан бері төленбеген жалақыларын алды.
Тәжікстанның 100-ден астам мигранты Калининградтағы стадион құрылысын жүргізіп жатыр. Олардың орташа айлықтары – 30 мың рубль (шамамен 500 доллар).
Наурыз айынан бері Тәжікстан және Өзбекстан жұмысшылары айлық алмаған. Олар ереуілге шықты. Содан кейін ғана айлық толығымен төленді.