Ресейде рұқсат етілмеген сайттарды қарауға мүмкіндік беретін интернет қызметтерді (анонимайзерді) пайдалануға тыйым салынды.
Тура осындай заңға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қол қойды деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Бұл заң ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен ақпараттық ресурс иелерінің Ресейде қарауға тыйым салынған сайттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуіне тыйым салады. Белгіленген талаптарға сәйкес, арнайы федералдық қауіпсіздік қызметі тыйым салынған ресурстардың қара тізімін жасап, мұнымен тыңғылықты айналыспақ.