21 тамыз күні таңертең Санкт-Петербургте әскери техникалар колоннасы пайда болды.
Бұл жайлы «Фонтанкаға» сілтеме жасап,
ҚазАқпарат хабарлайды.
Басылым мәліметінше, құм түстес танктер Гутуев аралында байқалған. Олар жүк платформалары бар машиналармен жеткізілген. Бірнеше платформалар «Санкт-Петербург теңіз порты» ААҚ автобазасы аумағының шыға берісіне тоқтады. Сондай-ақ, олар Невельский және Шотландский көшелерінен де байқалған. Танктердің біріне үш түсті ту орнатылған.
«Фонтанканың» бірнеше сұхбаттасушыларының мәліметінше,
бұлар Петербургке жөндеу үшін Сириядан әкелінген. Басқа мәліметтерге сүйенсек, техникалар Тәжікстанға тиесілі.