Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Ресейде Қазақстан бас прокуратурасының жобалары үздік атанды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жылдың үздік жобасы – кешенді жобаны басқару» номинациясы бойынша І-орынды «Түрмедегілердің санын азайту бойынша 10 шара» жобасы жеңіп алды. Жүлдені Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары Акимов табыстады.

«Прокуратура. Smart – басқару» номинациясында «Бизнесті қорғау» жобасы І-орын алды.

ІІ-орынға – «Заңдылық».

ІІІ-орынға- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» және «Прокуратураға – үздік кадрлар» жобалары ие болды.

Сонымен қатар «Цифрлық үздік жоба» жекелеген номинациясында «Заңдылық» жобасы жеңіске жетті.

Бас прокуратураның «Өзгерістер бағдарламасы» ішкі коммуникациясының жүйесі арнайы сертификатпен марапатталды.

Айта кетелік, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Сараптама орталығы «Проектный Олимп» мемлекеттік секторда кәсіби жобалық басқару бойынша байқауды жыл сайын өткізеді. Байқауға федералды және муниципалдық мемлекеттік органдармен қатар Сбербанк, Росатом және басқа да ресейлік бизнес алпауыттары қатысуда. Жалпы алғанда, 250-ден аса өтініш беріліп, олардың 77-сі ғана финалға өткен.
Мемлекеттік секторда жобалық басқару бойынша Қазақстаннан Бас прокуратура жалғыз финалға шығушы болды.

Қазіргі таңда прокуратураның қоржынында 300-ге жуық бастамалар, 50 жоба әсер ету аймағында, 25-і прокуратураның бақылауында, сондай-ақ 11 жоба Бас прокуратураның жеке бақылауында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз