Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресейде Аман Төлеевтің тағдыры шешіліп жатыр

Аман Төлеев – Ресейде билікте ең ұзақ отырған губернатор. 1997 және 2001 жылдары ол ашық сайлауда жеңіске жетсе, одан кейінгі мерзімдерге оны мемлекет басшысы тағайындаған болатын.

Төлеев 1991, 1996, 2000 жылдары 3 рет президенттікке де үміткер болды. Бірнеше рет партия ауыстырды. 2015 жылы губернаторлық мерзімі біткен кезде сарапшылар оны зейнетке шығады деп болжады. Алайда, Аман Төлеев тағы да сайлауға түсіп, 96,7 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Енді мына оқиғадан кейін көптеген сарапшылар ол губернаторлық қызметті босатады деген сенімде. Ал «Саяси сарапшылар тобының» жетекшісі Константин Калачевтың айтуынша, шахтаға қатысты дау аймақ басшысын ауыстыруға еш әсер етпейді. «Төлеевті федералды басшылық өңірде тұрақтылық пен тәртіп орнатқаны үшін бағалайды» деді ол.

Сарапшылар бұл қылмыстық іс облыстағы ықпалды топтардың арасындағы Төлеев мұрасы үшін күрес болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.  «Төлеев — Кемер облысының басшылық символы. Ол болмаса, бұл тұрақтылықты сақтап қалу қиын», — дейді Александр Кынев. Сонымен қатар саясаттанушының айтуынша, қазір бүкіл Ресей бойынша жергілікті министрлер мен вице-губернаторларға қатысты қылмыстық істер қозғалып жатыр. Осы ретте Кынев «Кемер облысының уақыты жеткен болар», деп болжады.

Ал Ольга Крыштановская «Қылмыстық істе губернатор тек куәгер ретінде қатысады. Бірақ бұл шу оның ұстанымдарына әсер етіп, ең біріншіден, федералды орталық атқарып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат үшін Төлеев орнынан кетуі мүмкін» дейді. Оның ойынша, президент Путин Төлеевке жақсы көзқараста болғандықтан губернатордың саяси тағдыры туралы шешім жақын арада қабылданбайды.

39463

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз