Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресей жұмыс іздеп келген өзбектерді емтихан тапсыруға міндеттеп жатыр

Өзбекстан азаматтары да бұрынғыдай Ресейге келіп жұмыс іздеп жүрмейді. Жұмыс орны алдын ала анықталады. Жұмыс іздеушілерді іріктеу, еңбек келісімшартын жасату – бәрі-бәрі жұмыс берушілермен пысықталады. Тіпті, Ресейдің білім беру жүйесі бойынша оқыту мен кешенді емтиxан тапсыру шаралары да қарастырылған.

Бұдан бөлек, еңбек мигранттарының денсаулығы, xалықаралық іздеуде бар-жоғы, істі болғаны, я болмағаны жан-жақты тексеріледі. Ал сынақтан сүрінбей өткендер үшін Ресейдегі жұмыс орнына дейін жеткізіп ғана қоймай, Өзбекстанға қайтару шаралары да қарастырылған.

Осылайша Ресей алғаш рет шетел азаматтарын уақытша жұмысқа жүйелі түрде тарту туралы келісімді рәсімдеп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз