Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай нарығын бақылауға алады

252
tsargrad.tv

ОПЕК+ келісімшарты альянс құруға негіз болып отыр – ОПЕК мүшелерінің (мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) басшылығымен және Сауд Арабиясы мен картельге кірмейтін бірқатар өндіруші елдердің (бірінші кезекте Ресей) өзара іс-қимылы.

Тараптар 2016 жылдан бері өзара тығыз байланыста – сол жылы алғаш рет өндіру көлемін шектеу туралы келісім қабылданды, және нәтижесінде мұнай бағасының өсуіне алып келді. Кейіннен осындай бірнеше уағдаластыққа қол қойылды (олардың соңғысы 2019 қаңтарда күшіне енді).

Қазіргі таңда өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығару көзделіп отыр. Қаңтар айында жаңа альянс хартиясының жобасы әзірленді, оған 24 мемлекет, оның ішінде Қазақстан да кіруі мүмкін. Егер бұл орын алса, онда

жаңа құрылым әлемдік мұнай өндірудің жартысына жуығын бақылайтын болады

Альянс өзіне мүше елдердің ұлттық табиғи ресурстарын басқару құқығын шектемейді де, басқаруға ықпал етпейді. Бірақ жылына кем дегенде екі рет мұнай нарығын бағалауды зерттейді және іс-әрекеттерді – жалпы өндірісті қысқарту, не арттыруды қадағалайды.

Болжам бойынша, бұл альянс 17-18 сәуірде Венадағы ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің мұнай министрлерінің кездесуінде құрылады.

Бұл не үшін керек?

Хартияда альянстың мақсаты – “мүше елдер арасындағы диалогты жеңілдету және мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде ынтымақтастықты одан әрі нығайту” үшін үкіметаралық платформа құру деп жазылған. Тағы бір міндеті – мұнай өндіруші, тұтынушы, инвесторлар мен жалпы әлемдік экономика мүддесінде технологиялық ынтымақтастық орнату.

Мұның артында бұдан да маңызды мақсат жасырылған – жаһандық энергетикалық саясатты қалыптастыру,

бұл жаһандық энергетикалық баланста мұнайды ұзақ мерзімді пайдалануды қолдайтын болады.

“Тараптар мұнай өндіруші елдер арасындағы тұрақты диалогты қолдауға, сондай-ақ мұнай өндіру технологияларын ілгерілетуге міндеттенеді”, – делінген құжат жобасында.

Бұл ретте Хартияда альянс мұнайға белгілі бір бағаны ұстап тұруға ұмтылатын болады деп айтуға мүмкіндік беретін тұжырымдар жоқ. Ең басты міндет-мұнай бағасының құбылмалылығын жою.

Басқару қалай жүргізіледі?

Басқарманың функцияларын алдыңғы және ағымдағы жылдардың төрағаларынан тұратын, сондай-ақ келесі жылға таңдалған үш жақты комитет жүзеге асыратын болады.

Альянсқа өтінім беріп, барлық қатысушы елдердің рұқсатын ала отырып кіруге болады

Ұйымнан шығуға шешім жарияланғаннан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап ғана рұқсат етіледі.

Жаңа ұйым кімге тиімді?

Мұндағының көбі ОПЕК-тің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді, сондықтан жаңа альянс не үшін қажет екендігі түсініксіз. Ең ықтимал жауаптардың бірі – құрамында Ресей болғаны маңызды.

РФ соңғы жылдары ОПЕК-пен тығыз байланыста, бірақ картельдің бір бөлігі болғысы келмейді

Басты себептерінің бірі – картель құрылымына көңілі толмайды. ОПЕК-тің әрбір мүшесі өндіретін мұнай көлеміне қарамастан бір дауысқа ие. РФ Энергетика министрі Александр Новактың пікірінше, көп олжалы елдер үлкен беделге ие болуы тиіс.

Сондықтан жаңа альянс бірінші кезекте Сауд Арабиясы мен Ресейге тиімді. Елдер іс жүзінде “шешім қабылдау билігін өз жағына қарай жылжыта алады”. Яғни, басқа елдердің саясатын басқара отырып, әлемдік мұнай нарығында үлкен ықпалға ие болады.

ОПЕК-пен не болады?

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының 60 жылдық тарихы бар (1960 жылы ұйымдастырылды) және осы уақыт ішінде альянстың игілігіне пайдаланылатын елеулі ресурстар мен тәжірибеге ие болды.

ОПЕК-ке “қолдаушы институция” рөлі беріледі, ал оның құрылымдарына техникалық, кәсіби және әкімшілік қолдау міндеті артылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз