Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресей инфляциямен күресуде – Ұлттық Банк соңын аңдып отырғандай

Фото: yurface.ru

Ресейде мамыр айында жылдық инфляция 4,9%-дан 6,0%-ға дейін көтерілді. Бұл ретте инфляция құрылымы барынша қазақстандыққа жақындады. Осылайша, азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 7,4%-ға жетті. Оның ішінде мамыр айында өсім 1%-ды құрады. Салыстыру үшін: өткен жылы көрші елде азық-түлік жылдық есептеу бойынша мамыр айында 3,3%-ға, ал алдыңғы айға қарағанда 0,2%-ға қымбаттады.

Ресейде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бір жылда 6,7%-ға, сәуірге қарай 0,7%-ға қымбаттады. Өткен жылы – тиісінше 2,8% және 0,3% болды. Ақылы қызметтердің құны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Жылдық мәнде қызмет бағалары мамырда 3,3%-ға, ал бір жыл бұрын – 3,0%-ға өсті. Сәуірмен салыстырғанда мамыр айында олар 0,4%-ға, ал өткен жылы 0,5%-ға қымбаттады.

2021 жылдың мамырындағы Ресей Федерациясындағы инфляция, %

Орталық банктің биылғы жылғы инфляцияның күрт өсуіне қайтарған жауабы төмендегідей:

  • наурызға дейін Орталық Банк өзінің негізгі мөлшерлемесін 4,25% деңгейінде ұстап тұрды, содан кейін оны 4,5%-ға дейін көтерді
  • сәуір айының соңында мөлшерлеме 5,0%-ға дейін көтерілді\
  • 1 маусымда қайтадан 5,5%-ға дейін көтерді

Осылайша, жылдық инфляция 1,1%-ға өскенде негізгі мөлшерлеме 1,25%-ға өсті.

Бұл жағдайда мөлшерлеме мәні мен инфляция арасындағы айырмашылық, яғни

ақшаның нақты бағасы Ресейде теріс болып қалды – минус 0,5%

Ұлттық Банктің әрекетсіздігі

Қазақстанда Ұлттық Банк өзінің базалық мөлшерлемесін өткен жылдың шілдесінен бастап өзгеріссіз ұстап отыр – 9,0%. Жылдық инфляция ол кезде 7,1% деңгейінде болды, бірақ жыл соңына қарай 7,5%-ға дейін көтерілді.

2021 жылы жылдық инфляция алдымен 7,0%-ға дейін төмендеді, бірақ мамыр айында 7,2%-ға дейін өсті. Осылайша, егер Ұлттық Банк тек Ресейдің ғана емес, сондай-ақ дамыған елдердің үлгісі бойынша және шын мәнінде ұлттық экономикаға қолдау көрсетуге ниеттенсе, дұрысы оның базалық мөлшерлемесі 7,0%-дан жоғары болмауы тиіс еді. Бұл ақшаның нақты бағасының теріс мәнге ие болуына септігін тигізеді.

Қымбат ақша тұтынушылық тауарлар мен қызметтер бағасының сәйкесінше өсуімен бірге бизнес шығындарының өсуіне әкеледі. Қазір Қазақстанда осындай жағдай байқалады. Ең алдымен, азық-түлік бағасының өсу қарқыны түрінде.

Мамыр айында жылдық мәнде олар 9,3%-ға, ал өткен жылы осы айда – 9,5% базалық мөлшерлеме кезінде 10,7%-ға қымбаттады. Айтпақшы, өткен жылдың наурыз айында Ұлттық банк бұл мөлшерлемені 12%-ға дейін көтерді, бұл бір айға ғана созылды.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсу қарқыны ресейлік деңгейде 6,7%-ға жетті, ал халыққа арналған ақылы қызметтер енді неғұрлым жылдам қымбаттауда. Бір жыл ішінде олардың бағасы 5,1%-ға, ал өткен жылғы мамырда – 3,0%-ға өсті. Сәуір айына қарай ақылы қызметтер 0,7%-ға қымбаттады, ал бір жыл бұрын олар 0,3%-ға арзандаған.

2021 жылғы мамырдағы Қазақстан Республикасындағы инфляция, %

Енді қалай болады

Оқиғалардың одан әрі даму сценарийі қазірдің өзінде белгілі. Орталық банктің мәлімдеуінше, Ресей экономикасының түпкілікті қалпына келуі жағдайында инфляциялық қысымның жоғарылауы инфляцияның ұзақ мерзімді көзделген мақсаттан 4% жоғары және ұзақ ауытқуына әкелуі мүмкін.

Әлемдік тауар нарықтарындағы бағаның өсуі де өз әсерін тигізуде. Ал бұл негізгі мөлшерлемені одан әрі арттыру қажеттілігіне әкеледі. Сонымен, Орталық банктің соңғы уақыттағы әрекеттеріне сүйенсек, Ресейдегі ақшаның нақты бағасы теріс болып қала береді. Қазақстандық өндірушілермен салыстырғанда бұл ресейлік бизнеске бәсекелестік артықшылық береді.

Ұлттық Банкте де сондай-ақ 2021-2022 жылдардағы инфляция бойынша болжамдарды ұлғаю жағына қарай қайта қарады. Ағымдағы жылдың соңына қарай жылдық инфляция нысаналы диапазоннан сәл жоғары 4-6% деңгейінде қалыптасатын болады. 8-маусымда Ұлттық Банк тағы да базалық мөлшерлемені өзгертпеуге шешім қабылдағанына қарамастан, оның басшылығының мәлімдемесі бойынша, мөлшерлемені арттыруға дайын. Бұл Ұлттық Банк үшін алдағы уақытта да инфляцияны икемді шектеу емес, ақшаның көтерілген нақты бағасын оң диапазонда ұстап тұру маңыздырақ болатынын білдіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз