Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ресей Федерациясы ыдырап тына ма?

377

Бірақ, осы

ресейліктердің шын мәнінде Путинді қолдайды дегені рас па? Бәлкім, «Левада» орталығының сауалнамасы Кремльдің тапсырмасымен дайындалған саяси тапсырыс шығар?

15211595_670396716453843_1745864205_n

Қуаныш Еділханов

Бұл сұрақтарды білікті саясаттанушыға емес, Ақтауда тұратын Қуаныш Еділхановқа қойдық. Себебі ол facebook әлеуметтік желісінде халықаралық саясатта болып жатқан соңғы жаңалықтарды жиі жариялап тұрады.

Оның айтуынша, бұл сауалнама президент сайлауы жақындаған кезде шығып отыр. Себебі келер жылы Ресейде кезектен тыс президент сайлауы өтуі әбден мүмкін.

– Менің ойымша, ресейліктердің 63 пайызы Путинді қолдайды деген деректің түбі шикі болса керек. Өйткені интернет арқылы Ресей экономикасының кері кетіп, қиын жағдайда тұрғанын бақылап отырмыз. Бұл биылғы жағдай ғана. Ал келер 2017 жылы Ресейдегі халықтың әлеуметтік ахуалы одан сайын нашарлап, қиындық тудырады. Сарапшылар 2017 жылдың мамыр айында кезектен тыс сайлау болуы мүмкін екенін айтуда. Себебі 2018 жылы Ресейде барлық ресурстар таусылып, халық көшеге шыға бастауы мүмкін. Ал халықтың наразы көңіл-күйі артатын болса, сайлауда жеңіске жету мүмкін емес, – дейді Қуаныш Еділханов.

Әрине, «Левада» орталығының жүргізген сауалнамасына 100 пайыз сену қиын. Өйткені Америка мен Еуропа одағының қыспағынан кейін ресейліктердің күн көрісі күн өткен сайын нашарлап барады. Болашақта алпауыт елдердің Ресейге деген қысымы бұдан да қатты артады. Себебі Ресейдің Қырымды аннекциялап, жағдайды ушықтырып отырғанына ешкім де көз жұма қарамайды.

Ресейге қарсы үлкен ойын жүріп жатыр

Айтпақшы бұған дейін Хиллари Клинтон Трампты ресейшіл позиция ұстанады деп сынап келген болатын. Алайда Қуаныш Еділхановтың айтуынша, су жаңа президент жауапты салаларға Ресейге жан-тәнімен қас басшыларды тағайындап жатыр.

– Мәселен, Трамп АҚШ-тың Орталық Барлау басқармасына (ЦРУ) Майк Помпеоны ұсынды. Аталған азамат бұған дейін Ресейге қарсы қатқыл мәлімдеме жасау арқылы көзге түскен болатын. Біздің бұл сөзімізге оның «Ресеймен тек қатаң түрде сөйлесу керек» деген сөзі дәлел бола алады. Сондай-ақ, ол «Ресей (Сирияда) ешқандай да ИГИЛ-мен күресіп жүрген жоқ, өз ықпалын сақтап қалудың жолында жүр. АҚШ бұған жол бермеуі керек», деп мәлімдеген болатын. Ұзын сөздің қысқасы, Ресейдің агрессиясын айыптайтын азаматтар жаппай билікке келіп жатыр. Сондықтан да Америка мен Ресейдің арасындағы қырғи-қабақ соғыста Ресей тағы да жеңіледі, – дейді Қуаныш Еділханов.

Ия, байқауымызша, алдағы 1-2 жылда әлемдік геосаясатта үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістер Ресей федеративтік республикасының ыдырауымен аяқтала ма? Себебі аталған мемлекеттің құрамында тәуелсіздігін аңсап отырған ондаған халықтар бар. Әрине, аталған халықтардың Тәуелсіздік алар-алмасы белгісіз.

Бізге бір белгілісі, Америка мен Еуропа одағы бірігіп, Ресейге қарсы үлкен ойын жүргізіп жатыр. Ал бұл ойында кімнің жеңіп, кімнің ұтылатынын әлі көре жатармыз.

14063995_1128522233857657_8114552414318227433_n

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз