РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандықтар үшін шекараның ашылуына қатысты пікір білдірді.
— Шешім Ресейдің Сыртқы істер және білім министрліктерінің бірлескен ұсыныстары негізінде қабылданды. Біз барлық елдің, соның ішінде Қазақстанның студенттерінің бізге оқуға келгендердің арасында болғанын қалаймыз. Нақты мерзімі жақын арада анықталатын болады.
Студенттердің белгілі бір бөлігі біртіндеп апта сайын келетіндей етіп жоспарлауымыз керек. Бір айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп үміттенемін, — деді Ресей СІМ басшысы.
Лавров сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ашылуы өзара тығыз жүмыс жасап отырған эпидемиология саласындағы биліктің шешіміне байланысты екенін айтты.
— Барлығымыз қалыпты өмірге тезірек оралғымыз келеді. Коронавирусқа қарсы күрес шаралары мен пандемияға қатысты жалпы жағдай жақын болашақта бұған мүмкіндік береді деп үміттенемін, — деп түйіндеді ол.