Ресей Facebook-ті мүлдем жауып тастауы мүмкін. Егер компания ел аумағында ресейліктердің жеке мәліметтерін сақтау туралы заңның талаптарын орындамаса, деп хабарлайды РИА Новости.
“Заң бәріне бірдей. Facebook не заңды орындауы тиіс, не Ресей аумағында өз жұмысын тоқтатуы керек. Сол себепті бұдан бұрын LinkedIn желісін жауып тастағанбыз”, – деді журналистерге Роскомнадзор басшысы Александр Жаров.
Жаровтың айтуынша, Ресейде Facebook-тің қолданушылары өте көп, алайда ол жалғыз әлеуметтік желі емес.
“Сол себепті біз Facebook-тен 242-ші заңның орындалуын талап етеміз”, – деп қосты Роскомнадзор басшысы.
Ал Facebook болса, бұл заңды орындау жағын қарастыру үстіндеміз, деп құтылыпты әзірге.