Ресей әскері алғаш рет Ирандағы ресейлік әскери ұшақтарды Сирияны әуеден соққылау үшін пайдаланды.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әуе соққысына алысқа ұшатын Ту-22М3 бомбалаушы ұшағы және Су-34 бомбалаушы-жойғыш ұшағы пайдаланылды. Әскери ұшақтар Иранның Хамадан әуе базасынан ұшып шықты.