Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Рейтингім қанша? Атамбаев Путин сияқты болғысы келеді екен

“Мен соны қалайтын болсам, онда Қырғызстанда президент бірнеше мәрте сайлауға түсе алатындай етер едім. Бірақ мен Қырғызстанда және Орталық Азияда алғаш рет президенттік биліктің бейбіт жолмен келесі президентке берілуін қалаймын”, – деді Атамбаев.

Президент кәсіпкерлердің қиыншылықтарымен жақсы таныс екендігін мәлімдеді. “Мен саясатқа келместен бұрын кәсіпкер болдым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елде кәсіппен айналысқандардың бірі мен едім. Сол кезде талай қиыншылықты бастан өткердім”, – деді ол.

Атамбаевтың айтуынша, осы жылдары ол елде кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасауды армандаған.

“Менің ойымша, біздің елімізде аймақтағы ең қорғалған бизнес жұмыс жасайды. Мен кәсіпкерліктің Еуропадағыдай қорғалғанын армандаймын”, – деді Атамбаев. Ол биыл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға шамамен 10 миллиард сом бөлгенін айтып өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз