Вашингтон соты 1981 жылы АҚШ-тың қырқыншы президенті Рональд Рейганға шабуыл жасаған кіші Джон Хинклиді психиатриялық клиникадан шығаруды шешті. Сот шешімі бойынша, пациент енді психикалық аурумен ауырмайды және қоршаған ортаға қауіпті емес.
Кіші Хинклиге Рейганның туыстарына жақындауға тыйым салынады, сонымен бірге президент пен конгресс мүшелері жүретін аймақтарға баруға рұқсат етілмейді.