Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Рейд кезінде тоқтатқанда полицейлер арнайы бұйрықты көрсетуге міндетті ме?

“Негізі, алдымен, шұғыл профилактикалық шараның өткізілетіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына xабарлама берілуі тиіс. Алайда, көлік ұрлығына қатысты рейдтер туралы ақпарат алдын ала берілмейді. Біз ұрланған көлікке ұқсас барлық машиналарды тоқтатамыз. Мәселен, шұғыл мәліметте қызыл “Митсубиси Паджеро” деп көрсетілсе, оған ұқсас барлық көліктер тоқтатылады. Осы іспетті іздестіру шаралары кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері арнайы құжатты көрсете алмайды. Біз де оларға таратып үлгермейміз”, – дейді Талғат Шаймарданұлы.

Оның айтуынша, кез келген жағдайда “102”-ге қоңырау шалып, рейдтің бар-жоғын біліп алған артық етпейді. Себебі сақшы рейдке қатысты бұйрықтың көшірмесін ұстауға міндетті емес.

“Сосын олар (жол-патрульдік полиция – авт.) басқа “ОПМ”-ды (шұғыл-профилактикалық шараны) айтады да, тоқтата береді. Ондай болмайды. Демек, арыз жазып, шағымдануға болады. Сонда біз ол қызметкерді жазалаймыз”, – деп атап көрсетті комитет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Талғат Шаймарданұлы ЭКСПО жабылатын күні жеке көлікпен жүрмеуге кеңес берді. Сондай-ақ, ол көрме аумағында ерегесіп қалғаны үшін екі сақшы жұмыстан қуылғанын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз