«Ювентустың» президенті Андреа Аньелли ақылды істеді.
Оның клубы Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жеткен жағдайда, ол бүкіл командаға сыйақы ретінде 9 миллион евро бөлмек.
Егер туриндік клуб Роналду бастаған «Реалды» жеңіп кетсе, негізгі құрамдағы 26 футболшының әрқайсысы 350 мың евродан алады екен.
Чемпиондар лигасының финалы маусымның 3-і күні түнде Кардиффте өтеді.