Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Расымен әдемі екенсің”. АҚШ президенті Дональд Трамптың көзіне түскен қазақ қызы кім? (фото)

377

“Өмірдің мәні – балада екен. Сәбиім дүниеге келгеннен кейін мен осыны түсіндім, Балама деген махаббатымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бала бақытты болуы үшін ана бақытты болуы керек. Ерлі-зайыптының арасындағы кикілжің, анасының ренжуі, көңіл-күйінің болмауы балаға қатты әсер етеді. Тіпті одан бала ауырып қалуы мүмкін.Сол үшін алдымен аналар бақытты болуы керек”, – дейді Айдай.

2014 жылы еліміздің атынан “Әлем Аруы” байқауына қатысқан Айдай Дональд Трамптың мақтауынан соң, өзіне сенімділігі оянғанын айтады.

Онда сырт келбетіңнен бөлек мінезіңе, жүріс-тұрысыңа қатты қарайды. Әлемнің әр елінен келген аруларды қарап өзімнің ешкімнен кем емес екенімді түсіндім. Президент Дональд Трамп: “Сен расында әдемі екенсің”, – деп айтқан кезде «Дональд Трамптың көзіне түстім. Демек, ең болмағанда үздік ондықтың ішіне кіретін шығармын”, – деп ойладым. Өкінішке орай, олай болмады. Дегенмен мен орын ала алмағаныма өкінбеймін”, – дейді ол.

Айдай жары екеуі қайырымдылықпен айналысады, олар ауру балаларға арнап қор ашқан.

“Мамандығым дәрігер болғандықтан шығар мен қабағы қатулы, көңіл-күйі жоқ қарттардың, ашушаң адамдардың жанынан алаңсыз өтіп кете алмаймын. Егер сондай адамдарды көрсем жанына барып, жағдайын білуге тырысамын. Білмеймін неге екенін адамдарға көмектескім келеді. Содан ләззат аламын. Қазір жолдасым екеуміздің “МақсатАйдай фаундейшн” деген қайырымдылық қорымыз бар. ДЦП мен, басқа да емдеуге келмейтін бір-екі науқас адамды шетелге оқуға жібердік. Бір айдан асты. Өздерінің дертінің себебін білу үшін оқып жатыр. Және әр жылдың тамыз айында балаларға қаражат жағынан көмектесеміз”, – дейді Қазақ Аруы.

Еске салсақ, Айдай Исаева “Шымкент Аруы- 2008”, “Алматы- 2013 екінші миссі”, “Қазақстан Аруы -2013” жеңімпазы, “Әлем Аруы-2014” конкурсының қатысушысы.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз