Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Рас қой бәрі”. Жүргіш, алқаш күйеуінің көзіне шөп салмағанда қайтеді?!

447

Сабақтан шыққан соң оны үнемі бір еркек алып кететін. Мен оны күйеуі деп ойлап, сырттай оған риза болатынмын.

Не деген «маладес» күйеуі, не деген махаббат деп…

Бірақ кейін келе ол кісінің оның күйеуі емес екенін қыздардан естідім. Кәдімгі ашынасы екен. Ол да отбасылы еркек болса керек.

Әрине, жаман біртүрлі болып, ол құрбымнан қатты сескеніп қалдым. Мұнысы несі деп.

Сөйтіп жүр әлі. Міне, менің көз алдымда бір емес, бірнеше жыл өтті, олар әлі махаббат.

Бәрін жүре келе түсіндім. Себебін таптым. Оның бұл тірлігі кәдімгі көп қазақ әйелінің басында бар жағдай: амалсыз сөйтеді екен. Менің құрбымның күйеуі жұмыс жасауын жасайды, бірақ тапқанын араққа жұмсайды, балаларына қарамайды екен. Тіпті бір дәмді нәрсе жегісі келсе, оны өзіне ғана сатып әкеліп, бала-шағаның көзінше ұялмай жейді екен.

Өзін ғана ойлайтын алқаш еркек екен.

Содан кейін айлығын ала сала қатын-қалаштарға барып, бар тапқанын солармен бірге ішіп-жеу де оның әдеті. Қатындармен әбден демалып келіп, үйде ұялмай «довольный» болып отыратынын қайтерсіз.

Әне!

Соның бәріне құрбым әрине, шыдай алмайды. Бірақ ажырасайын десе, арада 4 бала бар.

Әне, әйел болып өмірі күйеуінен мейірім көрмеген. Еститіні үнемі дөрекі сөздер…

https://kaz.365info.kz/kyjeuinin-kozine-shop-salgan-nazymnyn-okhigasy-248769

Содан ғой бәрі. Өзі де білмейді, жұмыста бірге жүрген бір еркекпен достығы қалайша махаббатқа ұласып кеткенін….

Ал енді ол еркек қандай дейсіз ғой? Кұрбымды киіндіреді, оқуының ақшасын төлейді, керек жеріне апарып-әкеледі, балаларына да анда-санда бірдеңелер әперіп, риза қылып қояды. Тіпті онысы бұған «ажырасшы» деп те айтады екен, бірақ құрбым не істерін білмей жүр.

Ол «ел-жұрттан ұят» дейді.

Әрине, оныкі дұрыс емес, дегенмен күйеуі де әйеліне аз да болса мейірім танытып, көңіл бөлуі керек емес пе?

Міне, егер еркек жылуды сырттан іздесе, әйел де сондай… Осыны ұғу қиын ба?

Сәлеммен, С

Фото: көрнекі сурет, krisha.kz

https://kaz.365info.kz/kete-ber-dejdi-kyjeuimnen-zhylu-kormejmin-kozine-shop-saluga-ozi-itermelejdi-289322

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз