Қасиетті Рамазан айына санаулы күндер қалды. NUR.KZ порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен оразаға қатысты сұрақтарға жауап іздейді.
Осы орайда аузы берік кісінің беттен сүюі оразаның талаптарына сай немесе сай еместігі туралы жиі сұралып жүр. Ислам ғалымдарының сөзінше, аузы берік кісінің беттен сүюі оразаны бұзбайды.
Бұл жерде ескере кететін жағдай, егер әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, онда сүюіне рұқсат. Ал оған сенімсіз болса – мәкрүһ.