Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Рақымшылық жасалса да қоймайды”. Ақтөбеде экстремистер екі адамды құлдықта ұстаған

Сондай-ақ, оның Мартұқ ауданындағы тұрғылықты мекенжайын тінту барысында басқа да айғақтар табылған. Сонымен қатар, ұсталған ер адамның екі адамды – Өзбекстанның 1965 жылғы азаматы мен Ақтөбенің 1974 жылғы тұрғынын құлдықта ұстағаны белгілі болды.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам осыған дейін бұзақылық үшін, қарумен заңсыз операциялар жүргізгені үшін және адам өлтіргені үшін үш рет сотты болған. Сонымен қатар, ұсталған

ер адам 2016 жылдың қараша айында тапаншамен ұсталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда кейінірек оған рақымшылық жасалғаны белгілі болды.

“Мемлекеттің гуманистік актісіне құлақ аспаған экстремист тағы да ауыр қылмыс жасап, азаматтарға және ұйымдарға қаруланған шабуыл жасау үшін қару дайындаған”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақтөбе облыстық ІІД мәліметінше, биыл облыстық ІІД қызметкерлері экстремистерден әскери граната мен алты оқ ататын қару, сондай-ақ, екі тапанша тәркілеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз