Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Рак боласың…”. Қытайдың үш дәрісін дәріханаға қайта өткізуге кеңес берілді

134

Өйткені, дәріханаларда еркін сатылып жатқан “Вазар”, “Нортиван” және “ВазарН” препараттары қатерлі ісікке шалдықтыру мүмкіндігіне ие болып шықты.

Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазады.

Отандық дәріханаларда сатылып жатқан Қытай дәрілерінің құрамында валсартан қоспасы бар екен. Ал ол қоспа ағзада қатерлі ісік тудыруы мүмкін деген болжам бар.

Министрлік бұл препараттардың зиян екенінен хабардар болып шықты.

Жалпы, Шымкент қаласында 70 мыңға жуық адам қан қысымының ауытқуы бойынша есепте тұрады екен. Олардың басым бөлігі сапасыз дәрілерді қабылдапты. Сондықтан мамандар гипертониктерге дәрігердің тексеруінен өтуге кеңес береді.

Ал қауіпті деп танылған «Вазар», «Вазар-Н» және «Нортиван» таблеткаларын міндетті түрде дәріханаға қайта тапсыру қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз