Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Рак ауруына шалдыққан 20 жастағы «Атырау аруы» елден көмек сұрады (фото)

287

2017 жылы мединициналық тексерістен өту кезінде Гаухар іш жағында ісік бар екенін білген.

«Сол кезде жазылудың оңай болмайтынын түсіндім. Уақыт өте келе тыныс алуым, жүріп-тұруым қиындай түсті. Ота жасаттым», – дейді бойжеткен.

Тек операциядан кейін ғана Гаухар ісіктің қатерлі екенін білген.

«Диагнозым: рак (саркома). Төбемнен жай түскендей болды. Көп жыладым, қорықтым, әрі қарай не боларын білмедім. Отадан кейін дәрігерлер сәулелік терапия курсынан өту керектігін айтты. Тек Қазақстанда емес, шет мемлекетте», – деп жалғады сөзін Гаухар.

Бойжеткен қаржысы болмағандықтан, одан бас тартып, тағдырына көндіккен.

«Бірақ онкология қайтып келуі мүмкін деген ой мені мазалап қоймады. Арада 10 ай өткен соң барлығы қайта басталды. 2018 жылдың 24 тамызында маған екінші рет ота жасады. Менің жағдайымда, химиотерапия әлсіз.

Президенттік емхананың, еліміздің өзге де мықты дәрігерлеріне бардым. Бәрінің айтатыны бір. Қазақстанда маған ем табылмайды дейді. Не Израильге, не Оңтүстік Кореяға баруым керек. Сөзіме дәлел болу үшін онкологтың жазып бергені мен ауру тарихын қоса жариялап отырмын», – дейді Гаухар.

Бойжеткен науқастарды Оңтүстік Кореяға жіберетін ұйыммен сөйлескенін айтады. Сөзіне қарағанда, Кореяда ота жасатып, ем алып келу үшін оған 30 мың доллар қажет.

«Мен қашан да мықты қыз болатынмын, ешкімнен көмек сұрамағанмын. Отбасыма көмектесу үшін мектеп кезінен бастап жұмыс істедім. Университетте оқып жүрген кезде де жұмыс істедім. Қазір алғаш рет көмек сұрап отырмын. Себебі бұл ауруды жеңу үшін ерік-жігердің жеткіліксіз екенін түсіндім.

Жасым небәрі 20-да және мен ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешкім келеді. Уақытым аз», – деген Гаухар халықтан көмек сұрады.

Карта нөмірі (Kaspi Gold): 5169 4931 0740 2441
ЖСН: 980418450761

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз