Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Рахметі несі?”. Назарбаев Ұлттық банктің басшысын оңдырмай сынады

“Өте дұрыс айтасыз”, — деді Ақышев. 

“Не өте дұрыс? Сонда қадағалау органы не үшін қажет? Басқа банктер бойынша да дәл осылай. Қалай ашуланбайсың. “Жаман болады, банкроттықа жол бермеу керек” деп айтамыз. Банкротқа ұшырасын немесе ақшаны қалдырсын. Бұл акционерлер ешқайда да кеткен жоқ қой. Олар ақша жинап, кейін соны алып шығу үшін банк құрды. Тапа-тал түсте ақша ұрлауды қалай түсінуге болады?”, — деді президент.

Назарбаев банктің жағдайын, ақша ағымын күні бұрын қарап, бақылауға  мүмкіндік беретін заң жобасын енгізгенін айтты. 

“Бұл проблеманы түбірімен жою үшін. Заң жобасын қарауды тездетуді сұраймын”, — деді мемлекет басшысы. 

“Көп рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы”, — деді Ақышев.

“Не рахмет? Сен мұны баяғыда-ақ істеуің керек еді”, — деп ескерту жасады президент.

Дереккөзsputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз