Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Рахман Омаровтың бұрынғы әйелін өлтіру ісі: сотта сұмдық жайт ашылды

11925

Тергеу дерегінше, кісі өлтіргенін мойындаған квартирант-әйел мәйітті балконға шығарып, басына пакет кигізіп қойған. Айыпталушы одан кейін із қалдырмау үшін қан жұққан барлық киімдерді жуып, үй ішін тазалаған.

Қыз сотқа күшейтілген конвоймен жеткізілді. Ол бетін тасалап, жүзін көрсетпеуге тырысты. Адвокаттар сотқа БАҚ өкілдері қатыспасын деп сұрағанмен, сот олардың бұл талабын қанағатандырмады.

Бала күтуші келіншек көңілдесіме айналып кетті

Марқұмның апайы Қыздарай Бейсенқұлованың айтуынша, олар әдетте ай сайын пәтер арендасының ақшасын алу үшін Гүлдерайым екеуі кешкі уақытта баратын. Сол күні квартиранттар хозяйканы кешке емес, күндіз келіңіз деп шақырған екен. Сол себепті Гүлдерайым жалғыз кеткен.

Кейінірек ол телефонын көтермеді. Сіңлісі 13 рет қоңырау шалған.

«Оны іздеп таба алмай, ақыры сол квратираға келдім. Есікті ұзақ ашпады. Сосын квартирант-қыздардың бірі есікті ашып, Гүлдерайымның жарты сағат бұрын шығып кеткенін айтты», – деді сотта Қыздарай Бейсенқұлова.

Кісі өлтіру оқиғасы жазда болған. Гүлдерайым Омарова сол күні пәтер ақысы алу үшін 5 қыз тұрып жатқан өз пәтеріне барған.

Пәтердегі ұрыс-керіс барысында квартирант-қыздардың бірі үй иесінің мойын тұсынан 8 рет пышақпен ұрған.

Прокурор Ермек Қашағановтың айтуынша, Түркістан облысының 30 жастағы тумасы Ақтолқын Сүлейменова

кісі өлтіргеннен кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті балконға шығарып тастаған. Оның қаны үйді былғамасын деп басына пакет орап тастапты.

«Сосын Сүлейменова трәпкі мен салфеткалардың көмегімен қан іздерін сүртуге кіріскен», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Кешкі 6-да пәтерге марқұмның ұлы да іздеп келген, бірақ квартирант-қыз оны үйге кіргізбей қоймақ болады. Бірақ жас жігіт қояр да қоймай үйге кіреді. Кіргеннен кейін жігіт балконнан өз анасының денесін көреді. Сол кезде қыз жігітті де қоса өлтірмек болған, бірақ қашып үлгерген жігіт полицияға хабар берді.

Содан кейін айыпталушының өзі асылып өлмек болыпты. Мойнына кір жаятын жіп байлап 3-ші қабаттан секірген, бірақ ол талпынысы сәтсіз шықты.

30 жастағы Ақтолқын Алматыға табыс іздеп келген, бірақ соңғы кездері жұмыссыз жүрген екен.

Соттың келесі отырысы 13 қараша күні өтеді.

Еске сала кетсек, биыл жазда квартирант-қыз актер Рахман Омаровтың бұрынғы әйелін өлтірген.

Сорлы басым-ай! Квартирант қыз отбасымды шайқап кетті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз