Электронды сауда алаңында «Рахман қайнарлары» санаторийін мемлекет органдарының балансына берілгені хабарланды. ШҚО әкімдігінің мәліметінше, сауда қорытындысы бойынша шипажай ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының теңгеріміне берілген.
«22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі күні ол орынды қабылдауға мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан тұратын комиссия шығып кетті. Санаторийді шетелдік компанияларға беру жоспарланбаған», – дейді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
«Рахман қайнарлары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданылатын табиғи минералды термалды жерасты радон сулары бар. Мемлекетке өтпес бұрын олигарх Анатолий Балушкинге тиесілі болған.
Естеріңізге сала кетейік, Анатолий Балушкин 2020 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер қатарында 37-ші орында болған. 2021 жылдың 12 тамызында Қаржы мониторингі агенттігі оған іздестіру жарияланғанын және сот оны ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сырттай қамауға алуға санкция бергені жөнінде ақпарат таратты.
Қазіргі кезде Өскеменде миллиардер Балушкинді сырттай соттап жатыр. Қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралады. Бизнесменге қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Іс бойынша жәбірленуші – First Heartland Jusan Bank пен Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.