Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Qazaqstan” телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы 1978 жылы 29 қарашада Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс тілшісі болып бастап, жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.

2006 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы, тілшілер бөлімінің тілшісі, «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі, Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры, Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы эфирді талдау және мониторинг жасау бөлімінің бастығы болды.

«Хабар агенттігі» АҚ-ның бас редакторы қызметін атқарды. 2017 жылдың наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры болып тағайындалған.

Бірнеше марапаттаулар, алғыс хаттар және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік наградасының иегері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз