Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Пышақпен қорқытты”. Алматы облысында тауға шығып із-түссіз кеткен баланы қасақана ұстап отыруы мүмкін (видео)

https://kaz.365info.kz/khyzylordada-khamaudagy-ysh-azamat-auyzdaryn-tikken-324289

“Тауға шықпаған өмірі.  Қызығып ілесіп кеткен ғой. Сол жоғары жаққа тамақ апарып бермекші болған малшыларға.   Өзі қорқақ. Ит түгілі құстан қорқады ол. Білмеймін, ол тауда не істеп жатқанын?”, дейді анасы.

Қыратқа 7 жасар жеткіншекпен қоса 4 ұл көтерілген. Олар үйлеріне аман-есен оралыпты.

Балалар өздеріне осында жүрген мал бағушылардың бірінің пышақпен шабуыл жасамақ болғанын айтады. Сөйтіп, әбден қорқып қалған олар жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнеліпті. Ернұр болса, жалғыз өзі сайға қарай түсіп кеткен. Содан бері оны көрген тірі жан жоқ.

https://kaz.365info.kz/khyl-ystinde-oskemende-ajel-kopirden-sekirmek-bolgan-video-324286

Қазір Ернұр Сәдуақасты 100-ден аса сақшы мен құтқарушы, әрі ауыл тұрғындары күні-түні іздеуде. Әзірге бар тапқандары балақайдың аяқ киімінің бір сыңары ғана. Оның үстіне, таудағы нөсерлеп жауған жаңбыр жұмыстарына қиындық туғызып жатыр екен.

Баланың жақындары үміттерін үзбеген. Ал, оны көргендер болса,  хабар берулерін сұрайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз