Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ердоған — екінші Путин сияқты екен. Енді одан да бүкіл әлем теріс айнала ма?

Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқығы жөніндегі мұсылман комитетінің басшылығы президент Ердоған өз әрекетімен халықаралық қауымдастық алдында мұсылман әлемін елірген фанатиктер тобыры ретінде масқара қылуда деп санайды.

Сондықтан олар егер өз халқына қарсы репрессияны тоқтатпаса, түрік президентін адамзатқа жасаған қылмысы үшін Гаага трибуналына тарту туралы ескерту жасады.

Біздің медиа портал Қазақстан аты аталатын мекеме атынан жасалған бұл мәлімдеменің қаншалықты негізді екенін біліп көру мақсатында маманға хабарласты.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали бұл пікірге белгілі бір деңгейде қосылатындығын айтты.

Бұйрық беріп, белден басуға ешкімнің қақысы жоқ

Әзімбай Ғали

– Ердоғанның әрекетін айыптаған қазақстандық бұл одақ пен комитеттің қаншалықты заңды мекеме екенін білмеймін. Бір анығы, оның басшылығындағы Мұрат Телібековті түрлі ақылға қонымсыз ұсыныстарымен ел жақсы таниды. Бірақ бұл жолғы мәлімдемесін белгілі бір деңгейде қолдауға болады, – дейді ол.

Ердоған өз халқының сенім артқан көшбасшысы екені сөзсіз деген саясаттанушы соңғы кездері оның күрт өзгергенін баса айтады.

– Халық Ердоғанға сенім артты, өйткені ол Ататүрік Кемалдың жолын қуады деді. Иә, ол діншіл, ұлтшыл адам.

Бірақ, ел күткендей, Ердоған либеральды емес, авторитарлы ұстанымдағы тұлға болып шықты.

„Еуропамен қосылып, қарыштап дамимыз„ деген Ататүріктің арманы көкке ұшты. Ату жазасын енгіземін деп жатыр. Мемлекеттік төңкеріске қатысқандарды қатаң жазаламақшы. Мен әскери адаммын. Ал әскери қызметкер басшылығына бағынады. Сондықтан қатардағы жауынгерлердің еш кінәсі жоқ. Осының барлығына ақылмен, сабырмен келуі керек еді.

Бүтін Сирия халқының обалына қалды. Кезек-кезекпен үш империя бомбалап жатыр: АҚШ, Ресей және Түркия.

Бірақ ол барлық кінәні жырақтағы Гүленге жауып, өте қатал саясатты бекітіп алмақшы. Бір жағынан, қазір оның Путиннен еш айырмасы болмай бара жатқан секілді.

Әрине, бауырлас елміз. Бірақ бұл олардың біздің ішкі саясатымызға араласуға құқық бермейді. Меніңше, жұмсақ дипломатия тілімен, жырақта немесе ел мен ел арасында болып жатқан мәселеге көзқарас білдірген дұрыс, онда тұрған дәнеме жоқ. Бірақ бұйырып, белден басуға ешкімнің қақысы жоқ, – дейді Әзімбай Ғали.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз