Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

«Путин жеңеді. Бірақ сол сайлаудан кейін орыс халқы морт сынады» – саясаттанушы

144

Қазақтың сарапшысы Қуаныш Еділхановтың айтуынша,

Ресейдегі сайлау, сайлау емес – қайта тағайындау ғана болады.

Сондай-ақ, ол Алексей Навальныйдың халықты жаппай алаңға алып шығуына мүмкіндігі жоқ деген пікірде.

Шыны керек, 18 наурызда өтетін сайлау жай ғана спектакль. Менің бұл сөзіме Ксения Собчактың үміткер ретінде тіркелуі бірден бір дәлел бола алады. Ал Навальныйға келер болсақ ол халықты митингке алып шығып, Путинге қатер төндіре алмайды деп ойлаймын. Иә, ол қанша жерден тырысса да, халықты алаңға алып шыға алмайды. Өйткені,

кеңестік жүйеден шыққан азаматтар батыл әрекет етуге қорқады.

Оның үстіне, Ресейдің әлеуметтік жағдайы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Халықтың көтерілуі үшін біздің жағдайдан да қиын ситуация орын алуы керек. Соңғы кездері мұнай бағасы көтеріліп, Ресейге азды-көпті қаржы түсіп отыр. Ал енді Путин президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейінгі жағдайға келетін болсақ, нақты бір болжам жасау мүмкін емес. Өйткені ол президент болып сайланғаннан кейін мерізімін аяқтап кетуі немесе ситуация табан астында өзгеріп сала беруі мүмкін. Бір білетінім, алдағы сайлауда Путин жеңіске жетіп, президент болады, – дейді ол.
https://kaz.365info.kz/putin-barinen-ajyrylady-sayasattanushy-resejdi-ne-kytip-tyrganyn-ajtty-301699
Ресейді Путин емес, батыстық көзқарастағы азамат басқарғанын қалайтынын айтқан Қуаныш Еділханов «Навальныйдың Путиннен айырмашылығы шамалы», дейді. Өйткені ол «Қырымды аннекциялап алғанымыз дұрыс болды» деп мәлімдеген болатын.

Ал белгілі сасаттанушы Әзімбай Ғали Кремльдің Навальныйды сайлауға қатыстырмағанын үлкен қателік дейді. Навальный сайлауға қатысса да, бәрібір Путин жеңіске жететінін айтады.

Навальный сайлауға байкот жариялап қана қоймай, жұртты митингке шақыруда. Ал билік бұл әрекетті заң бұзушылық деп бағалап отыр. Егер сайлау демократиялық талаптарға сәйкес өтпесе, Батыс елдері Путинді заңды президент ретінде мойындамайды.

Қысқы олимпиада кезінде абыройдан айрылғаны аздай, енді батыс Путинді президент ретінде қабылдамаса, жағдай одан сайын ушыға түседі.

Жалпы, орыс халқы төзімді болғанымен морт сынғыш халық. Мәселен, 1990 жылдары Кеңес одағы құлайды дегенге өз басым сенбейтінмін. Алайда бір жылдың ішінде Кеңес үкіметі құлап, көптеген мемлекеттер Тәуелсіздік алды. Сөз жоқ, осы жолы Путин президент болып сайланады. Бірақ барлық дау-дамай сайлаудан кейін басталады.

Енді Путинді шетел емес, өзінің халқы кемсіте бастайды.

Негізі, Кремль Навальныйды сайлауға қатыстырмау арқылы үлкен қателік жасады. Соның кесірі күшейе береді, – дейді ол.

Саясаттанушы билік халықты ұстап тұру үшін екі қадам жасауы мәжбүр екенін айтады. Біріншісі, мұнайдан түскен қаржыны халыққа бөліп беру, екіншісі жеңіл жеңетін соғыс ашу.

Мысалы, сарапшылар Ресейдің Белорусияға қарсы соғыс ашуы мүмкін екенін айтады. Ал Беларусия «қандай да бір қатерге сақадай сай отырмыз» деп отыр. Бірақ саясаттанушы Ресейдің Қазақстанға қатысты қандай да бір тосын қимыл жасауы қиын екенін ескертеді.
https://kaz.365info.kz/resej-federatsiyasy-ydyrap-tyna-ma-238437

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз