Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Путин Ресейді өмір бойы билеуге қамданып жатыр ма?

176

10 наурызда Ресей Мемлекеттік Думасы Владимир Путин ұсынған Конституцияға түзетулерді талқылауға жиналды. Бірақ отырыста ақпараттық бомба болды. Алдымен Владимир Жириновский екі ұсыныс енгізді — Конституцияға енгізілетін түзетулерге байланысты мемлекеттік думада  мерзімінен бұрын сайлау өткізу және

ресейліктерге президентті таңдауға тыйым салу

«Әрбір алты жыл сайын алты ай  бойы елді әбігерге салуды тоқтату керек. Сайлауға тек шаштараздар, сәнгерлер, ағаш кесушілер барады.  Бізде конституциялық орган — Мемлекеттік кеңес бар емес пе? Онда елдің ең үздік адамдарын: үздік ғалымдарды, депутаттар, мен министрлерді, губернаторларларды жинайық. Міне, солар Мемлекет басшысы кім болатынын шешсін”, – деді Жириновский “Россия 24” телеарнасының эфирінде.

Тіпті осы ұсыныстың өзі Валентина Терешкованың бастамасының көлеңкесінде қалып қойды.

Депутат

конституциядағы жаңа өзгерістер күшіне енгеннен кейін елдің қазіргі мемлекет басшысы үшін президенттік мерзімді “нөлден бастауды” ұсынды

 

Тіпті елдің басты заңынан бұл шектеулерді алып тастау керек деді.

Терешкованың бұл бастамасы депутаттардың арасынан қолдау тапты. Нәтижесінде Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин партия басшыларымен ақылдасу үшін бір жарым сағаттық үзіліс алды. Үзілістен кейін Путиннің өзі Думаға келіп, барлығын өз орына қояды деп хабарланған еді.

Путин рұқсат берді

Ресей президентінің сөзі қысқа, бірақ нақты болды. Жириновскийдің ұсыныстары қабылдамаса да,  Терешкованың ұсынысын ішінара мақұлдады.

Ол билік ауысып тұру керек, сондықтан Конституциядан Президенттік мерзім саны бойынша шектеулерді алып тастау орынсыз деді.

Президенттік мерзімдерді екі шарт сақталған жағдайда:

  • «егер азаматтар осындай ұсынысты қабылдайтын болса және ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Жалпы ресейлік дауыс беру барысында “Иә” деп қолдаса»;
  • «егер Ресей Федерациясының Конституциялық соты мұндай түзету Негізгі Заңның принциптері мен негізгі ережелеріне қайшы келмейді деп ресми қорытынды берсе “нөлден бастауды” мақұлдады.

Егер мұндай шешімдер қабылданатын болса, Путин елдің конституциясын бұзбай және өзгертпей, келесі сайлауға түсе алады.

Путинге бұдан не пайда?

Владимир Путинді Дума, Конституциялық Сот және халық қолдаған жағдайда ол Ресейді 2036 жылға дейін басқара алады. Сонымен қатар, жаңа түзетулерге сәйкес Президент өзі мемлекеттік кеңес құрады және конституциялық сотты бақылауында ұстайды.

Президент бақылауындағы сот депутаттар қабылдаған заң конституцияға қарсы деп есептесе, мемлекет басшысы оған қол қоймауы да мүмкін. Бұрынғы артықшылықтар да сақталып отыр, Мәселен Дума премьердің кандидатурасына үш рет қатарынан келісім бермесе, президент бұл мемлекеттік органды тарату құқығына ие. Бонус ретінде – Ресейдің бұрынғы Президенттері өмір бойы сенатор қызметін атқара алады.

Мақұлдай ма?

Сарапшылар конституциялық соттың Терешкова ұсынысын мақұлдайтынына сенімді. Халықтық референдум нәтижесінде де оң шешім қабылданатынына сенбейтіндер аз.

“Дауыс беру бастапқыда арбадағы бесінші дөңгелек секілді көрінді. Оның конституциялық өзгерістерді енгізудегі рөлі түсініксіз болды. Тек қазір ғана, дауыс беруге бір ай қалғанда, нақты себеп сыртқа шықты. Дауыс беру Путиннің президенттік мерзімін одан әрі заңдастыру үшін қажет.

Биліктің мемлекеттік Кеңес пен парламент туралы арнайы белгі бергендігі, яғни 2024 жылдан кейінгі Президенттің болашақ тағдыры туралы халықты шатастыруының бір ғана себебі бар. Көптеген жыл бойы политикалық және экономикалық шешімдер арнайы операция режімінде жүргізіледі. Кез келген арнайы опреацияда алаңдататын маневрлер мен тіпті дезинформация қолданылады.

Билік қолындағы күшін пайдаланып,  транзитке қатысты шешімдерге халықтың әсерін азайтып, нақты ақпаратты таратпауға тырысады, деген саясаттанушы  Кирилл Петровтың сөзін The Bell келтіреді .

Халықты тарту оңай емес (тіпті  демалыс күнін жариялау да көмектеспейді), қабылданған шешім дауыс беру күні белсенділікті арттыруға көмектеседі.

Сталиннен ұзақ билеген, Брежневтен кәрі президент

Батыс мұның барлығы Путиннің билікте ұзағырақ қалуы үшін жасалып отырғанына күмән келтірмейді.

Financial Times :

«Өзгерістер Путиннің билігін нығайту үшін енгізіліп отыр» деп нақты айтты.

«Путин өзінің алдағы 12 жыл бойы билікте қалуына мүмкіндік беретін өзгерістерді қолдайды. Путин билікте Сталиннен де ұзақ болады, ал егер өзінің мерзімінің соңына дейін жетсе Брежневтің жасынан үлкен жаста кетеді дегенді білдіреді, — дейді агентікте.

«Путин  президенттік қызметіне қойлатын шектеулерді алып тастайтын конституциялық өзгерістерді мақұлдады. Ол өмір бойы президенттік қызмет атқара алады,  — деп Human Rights Watch директоры Кеннет Рот  жағдай туралы түсініктеме берді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз