Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Путин қорқып отыр. Украина Қырымның маңында зымыран атты

Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қырымға жақын маңдағы Қара теңізі жағалауларының әуе кеңістігін зымыран оқуларына пайдалануға қарсы шыққан еді. Украинаға жолданған құжатта “Ресей украиналық зымырандарды атып түсіріп, оның зымыран атқыш кешендеріне соққы жасайтыны” ескертілген.

Ресей авиациясының мәлімдеуінше, “Украина Ресейдің әуе кеңістігіне кіруге тағы да талпынып отыр”.

Украина қарулы күштерінің өкілі Ресейдің бұл мәлімдемесіне былай деп жауап берді: “Оқу-жаттығулар тек қана Украинаның әуе кеңістігінде, теңіз аспанында, халықаралық құқықтарға сай өткізіледі”.

Сынақтарға әскери және көлік авиациясы экипажы, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер, сондай-ақ ұшқышсыз авиация қатысады.

44a7ca0b-81d1-457b-aed7-435b0d7af3ed_cx54_cy1_cw36_w987_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз