Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Путин бәрінен айырылады…”. Саясаттанушы Ресейді не күтіп тұрғанын айтты

244

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың бұл тараптағы Ресейдің қазіргі бейнесіне баға берген жазбасы әрі өзекті, әрі өткір екен.

“Білесіздер ме,

Ресей соғыссыз отыра алмайды.

Молдовадан Приднестровье тартып алынды. 2008 жылы Ресей Грузияға шабуыл жасап, одан Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тартып алды. Оңтүстік Осетия мен Солтүстік Осетия бірігіп, Ресейдің құрамында Алания республикасы пайда болды.

Бұл ғана емес. Одан бұрын Ресей Таулы Қарабах жеріне Әзірбайжан мен Армения таласына араласып, армяндарды қолдап шықты. Ол ол ма, 2014 жылы Украинадан Қырымды тартып алып, Шығыс Украинада жәрияланбаған соғыс бастады”, – дейді саясаттанушы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша,

Кремль мұнымен шектелмейді. Ресейдің Сириядағы жағдайға тұмсық тығуы соның дәлелі.

“Путин бе? Путин мұның алдындағы былығы аз болғандай Сирияда әскери операцияларды бастады. Біз ше? Ресейдің одақтасы болсақ та бірде-бір соғысқа қатыспадық.

Біздің билік Ресейдің саяси авантюраларына араласқысы келмеді, келмейді де..”,  – дейді Әзімбай Ғали.
https://kaz.365info.kz/resej-khashan-ydyrajdy-amirzhan-khosanov-273953
Көп асқанға, бір тосқан. Саясаттанушының пікірінше, күндердің-күні Ресейге тәуелді Приднестровье, Абхазия егемендік алады. Шешенстан, Дағыстан, Алания, Ингушетия мен басқа Солтүстік Кавказ республикалары Ресейден дербестікке ұмтылады.

Міне, біздің ел бұл сәтті құр жібермеуі керек. Қазақстанның да Ресейден іргесін аулақ салғаны жөн.

“Сондай заман туғанда Қазақстан Ресейден алыстай береді,

орысшыл қазақтар биліктен ғайып болып, қазақ қазақтанып, одан ары мұсылманданады.

Орыс, украин, неміс диаспорасы өкілдерінің статистикалық үлес мөлшері азайып, елеусіз сан көлемінде болады.

Келесі кезекте тілдік және ұлттық ассимиляция жүреді, оған бірегей қазақ мектебі жұмыс істейді”, – дейді Әзімбай Ғали.

Алайда бұл айтуға ғана оңай. Солай болу үшін нақты жағдайлар керек. Ол не және қандай жағдай? “Ол – бейбіт демократиялық транзит, құқықтық демократиялық реформалар, жергілікті жерде өзін өзі басқару реформалары, билік прерогативалар мен финанстық қаржылар жергілік жерлерге жеткені жөн.

Бара келе бізге Парламенттік республикалық модельге жылжу керек.

Бара келе НАТО-ға және Еуропалық Одаққа кірген жөн. Қазақтанның 12 пайызы Еуразияның Еуропалық бөлігінде орналасқан.

Қытай мен Ресей бізді жұтып қоймас үшін шеттегі қандастарды көбірек шақыру керек. Демографиялық өсумен қатар сапалық сипаттардың көтерілгені қажет. Экономикалық даму 4 пайыздан төмен болмауы керек.

Бізде бір зауал бар.

Аты – коррупция. Ел-жұрт үміт күткен жігіттер ұры болып шығып, абақтыдан орын табады… Өкінішті ақ”, – деген екен Әзімбай Ғали.
https://kaz.365info.kz/dajyndala-ber-byl-habardy-estigen-putin-tyn-yjkhysynan-ajyrylypty-274653

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз