Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Прокурорлар Гүленді екі өлім жазасымен қатар 1900 жылға соттауын сұрайды

“Гүленнің террористік ұйымы” (FETO, билік Гүленнің жақтастарын осылай деп атайды) мүшелерін билікті басып алу үшін мемлекеттік мекемелерге енген деп айыптады. Тергеу болжамы бойынша, Гүлен тобы төңкеріс жасау үшін қорлар, жекеменшік мектептер, студенттік жатақханалар, баспасөз және сақтандыру компанияларын пайдаланған. Бұған қоса, уағыздаушының жақтастары жалған компаниялар арқылы АҚШ-қа қаражат жолдап отырған.

Гүленге қарсы іс Түркияның батысындағы Ушак провинцисының сотында өткен жылдың қыркүйегінен бері қаралып жатыр. Бүлікке дейін ашылған қылмыстық іс топтың қаржы операцияларын тергеуге қатысты болды.

Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпыныс әрекеті биыл 16 шілденің түнінде болды. Ертесіне ел президенті Режеп Тайып Эрдоған Гүленді бүлік ұйымдастырды деп айыптады. Бүлікті ұйымдастыруға қатысқан деген күдікпен 10 мыңға жуық адам ұсталды.

Түрік дін уағыздаушысы Фетуллах Гүлен 1999 жылы елден қашып шыққалы бері Құрама Штаттарда тұрады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз