Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Прокурор Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Айыптаушы тарап Әблязовті банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Айыптаушы тарап Мұхтар Әблязовті 1997 жылғы редакциядағы ҚК-ның 28-бабы 3-тармағы, 96-бабы 2-тармағында қарастырылған қылмыс жасады деп мойындап, соған сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрайды», – дейді прокурор.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс Таразда қаралып жатыр. Іс бойынша Мұхтар Әблязов айыпталып отыр.

Сот тыңдалымдары Әблязовтің қатысуынсыз өтуде.  Аталған іс бойынша 60-қа жуық куәгер өтіп жатыр. Олардан сотта жауап алынуда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындаған еді. Өз кезегінде ол Әблязовтың тапсырмасын орындағанын айтты. Ол биылғы жылдың наурыз айында 10 жарым жылға сотталды. Тоқмәди жазасын айрықша тәртіптегі түрмеде өтеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз