Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Прокуратура мен Мемлекеттік қызметтің өңірлік хабы меморандумға отырды

Әлихан Байменов Астана хабының кадрларды іріктеген және жылжытқан кезде іс-шаралар қағидаттарын енгізу бөлігінде Бас прокуратураның жаңа бастамаларына сараптамалық-талдамалық қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Жақып Асанов осындай серіктестікті жоғары бағалайтынын айтты. Астана хабымен тығыз өзара іс-қимыл Бас прокуратураның кадр саласындағы жаңа жобаларын одан әрі іске асыру үшін үздік халықаралық сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді. Бас Прокурор сондай-ақ алда әлі де бірлескен көптеген жұмыстардың бар екеніне назар аударды.

Прокуратура органдарында іріктеу жүйесін өзгерту – ол алғашқы қадам ғана. Жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді бағалау, оларды мансаптық сатымен жыжыту, оларды ынталандыру, біздің прокурорларымызды оқыту бойынша да мәселелер бар.

Астанада мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб 25 ел мен 5 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен болған құрылтайшылық конференция барысында 2013 жылы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Дүниежүзілік банктің бастамасы бойынша құрылған болатын. Хабтың миссиясы өңірде мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін дамытуға ықпал ету. Қазіргі таңда, бұл хабқа 35 ел және 5 халықаралық ұйым қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз